Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мәлімдеді
Тараз қалалық сотының төрағасы пара алды деген күдікке ілінді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Тараз қалалық сотының төрағасы А. Мадемаровқа қатысты азаматтық іс бойынша оң шешім қабылдағаны үшін 1 млн теңге сомасында пара алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады», - делінген Антикор хабарламасында.
Агенттік өкілдері ҚР ҚПК 201-бабының тәртібінде өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайтынын ескертті.