25.05.2022, 10:20
Оқиғалар
Екібастұзда 5 жасар бала төртінші қабаттан құлап кетті
Ол қазір жансақтау бөлімінде жатыр
Фото: ашық дереккөзден
Екібастұзда 5 жасар бала төртінші қабаттан құлап кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға 24 мамыр күні сағат 13.45-те Абай көшесінде болған.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, 2017 жылы туған кішкентай бала 4 қабатта орналасқан пәтердің терезесінен құлап кеткен.
Жарақат алған ұл бала ауруханаға жатқызылды.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасында баланың жағдайы тұрақты ауыр екенін хабарлады.
«Операциядан кейінгі кезең бірқалыпты өтуде. Көкбауырын алып тастады. Есін біледі», - деді басқармада.
Бала Екібастұз қалалық ауруханасының жансақтау бөлімінде ем алуды жалғастырады.
Көп оқылған
04.11.2026, 17:54
Қуандық пен Сағындық: Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Қозыке әулетінің құпиясын жайып салды (ВИДЕО)
04.11.2026, 16:09
Павлодарда мектеп басшылығы екі оқушы қыздың зорланғаны туралы полицияға хабарлаған
Бүгін, 02:13
Қыздарына барып келе жатқан: ерлі-зайыпты Астана – Петропавл тас жолында жол апатынан қаза тапты
04.11.2026, 15:24
«Полиция формасын хэллоуинге теңеген»: әйел адам әзілдемеймін деп басы дауға қалды (ВИДЕО)
04.11.2026, 16:32
Қайғылы жағдай: Текеліде 11 жастағы қыз баланы экскаватор басып кетті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды