Кінәлілерге 2 жыл 3 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды
Қаржылық мониторинг агенттігінің Қостанай облысы бойынша аумақтық департаменті қаладағы дәмханалардың бірінде жасырын жұмыс істеген покер клубының қызметін анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Құмар ойын мекемесіне айналдырылған дәмханадан арнайы үстел, чиптер, покер карталары мен қолма-қол ақша табылып, тәркіленді.
«Сот үкімімен астыртын покер клубының ұйымдастырушылары мен сыбайластары кінәлі деп танылып, оларға 2 жыл 3 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, тәркіленген заттай айғақтар жойылды», - делінген хабарламада.