Баланың анасы мен ағасы қызды тұншықтырып өлтіріп, мәйітті қала маңындағы карьерге лақтырып кеткен
Алматы облысының Сарқан қаласында церебральды сал ауруына шалдыққан 4 жасар қызды өлтірді деген екі күдікті сот санкциясымен қамауға алынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Полицияның мәліметінше, күдіктілер, яғни баланың анасы мен ағасы қызды тұншықтырып өлтіріп, мәйітті қала маңындағы карьерге жасырын түрде лақтырып кеткенін мойындаған.
Қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 3-бөлігі бойынша тергеліп жатыр. Қолданыстағы заң бойынша күдіктілер мүлкі тәркіленіп немесе тәркіленбей, жиырма жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Оқи отырыңыз: Сарқан ауданында бес жасар баланың мүрдесі қоқыста 3 айдан бері жатқан
Еске салайық, 17 мамырда Сарқандағы тұрмыстық қоқыс төгетін жерден кішкентай баланың қаңқасы аршылған денесі табылған болатын. Көп ұзамай полицейлер оның 19 жастағы анасын анықтады, ол өз куәлігінде қыздың церебральды сал ауруымен және туа біткен ақыл-ой кемістігімен ауырғанын түсіндірді. Әйелдің айтуынша, осы жылдың ақпан айында бала ауырып, кенеттен қайтыс болған, содан кейін күдіктінің 21 жастағы ағасы қаланың шетіне апарып жерленген.