Ақтөбеде жасөспірімге жай түсті

Автор: Azattyq Rýhy

Оқыс оқиға салдарынан 2007 жылы туған бала қайтыс болды

фото: el.kz

Ақтөбеде жасөспірімге жай түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қайғылы оқиға 20 мамырда Белогорка елді мекенінде болған.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, найзағай түсуінен тағы бір ер адам зардап шеккен.

«Оқиға орнына жеткенде 2007 жылы туған жасөспірімнің найзағай түсуінен қайтыс болғаны анықталды, сондай-ақ 27 жастағы ер адам ауруханаға жеткізілді», - делінген облыстық ТЖД хабарламасында.