Теміртау көшесінен түнгі уақытта табылған сәбидің туыстары анықталды
Теміртау көшесінен түнгі уақытта табылған сәбидің туыстары пайда болды
Теміртау полицейлері кеше түнде қаланың 7-шағынауданындағы көшелердің бірінен түнгі уақытта табылған сәбидің ата-анасын 12 сағатқа жуық іздеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қарағанды облыстық полиция департаментінің мәліметінше, баланың ата-анасын немесе жақын туыстарын іздеуге полиция қызметкерлері блогерлер мен БАҚ өкілдері, сондай-ақ еріктілерді жұмылдырған. Бірлескен күш-жігердің арқасында 19 мамыр күні түске қарай баланың жеке басы анықталды.
«Қыз бала 2019 жылдың жазында дүниеге келген. Оның 20 жастағы анасы жұмыс істейді, қазір ол іссапарда жүргенін айтты. Сәбидің тәрбиесіне 69 жастағы үлкен әжесі мен 28 жастағы нағашы ағасы көмектесіп жүрген. Әжесінің айтуынша, 18 мамыр күні кешке балалар онымен бірге үйде болған», - делінген облыстық ПД хабарламасында.
Қарт кісінің ұлы да үйде болды. Ер адам дүкенге бара жатқанда, сәби үйде отырғысы келмей, ағасымен бірге кеткен. біраз уақыт өтсе де ұлы үйіне оралмаған. Уайымдаған әйел ұлына қоңырау шалғанымен, телефон өшіп тұрған. Ұлы қайтып келгенде сәбидің қай жерде қашан адасып кеткенін есіне түсіре алмаған. Жүгіріп дүкенге бірнеше рет жаяу барып, әр бұрыш, әр қалтарысты сүзіп шыққанымен, қызды таба алмаған.
Оқи отырыңыз: Теміртауда түнгі уақытта көшеден табылған сәбидің ата-анасы іздестіріліп жатыр
«Сәбиді табуға әлеуметтік желілер көмектескен. Балақайдың жоғалғаны туралы ақпарат санаулы минуттарда бүкіл елге тарап кетті. Туыстары хабарландыруды көріп, көрсетілген нөмірге хабарласты», - дейді полицейлер.
Сәбидің тағдыры мен анасын жауапкершілікке тарту мәселесі Теміртау қаласы әкімі жанындағы кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау жөніндегі комиссияда шешілмек.