Теміртауда түнгі уақытта көшеден табылған сәбидің ата-анасы іздестіріліп жатыр
Қазіргі уақытта бала Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына жеткізілді

Теміртау қаласының жетінші шағынауданында кеше түнде көшеде жалғыз жүрген үш жастағы қыз бала табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жергілікті полиция бөліміне жеткізілген сәбидің әлі сөйлемейтіні анықталды. Қазіргі уақытта оның ата-анасы іздестіріліп жатыр.
«Теміртаудың 7-ықшамауданында түнде көшеден, болжам бойынша үш жасар қыз табылды. Ол сөйлемейді, сондықтан аты-жөнін анықтау мүмкін болмады. Қазіргі уақытта бала Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына жеткізілді. Біз оның туыстарын іздеп жатырмыз. Бірақ әзірге баланың жоғалғаны туралы еш хабар түскен жоқ», - деді Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Әбіл Әбілдин.
Тәртіп сақшылары бүлдіршіннің ата-анасын білетіндер болса, 102 немесе 8 702 145 65 35 нөміріне немесе жақын жердегі полиция бөлімшесіне хабарласуды сұрайды.