$ 540.18  628.93  6.68
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
19.05.2022, 09:16
Оқиғалар

Шымкентте қамауда отырған адам суицид жасап көз жұмды

Жедел жәрдем қызметкерлері ер адамның көп қан жоғалтудан көз жұмғанын анықтады

 

Шымкентте қамауда отырған адам суицид жасап көз жұмды

Шымкентте қамауға алынған адам өзіне қол жұмсап көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық ҚАЖД мәліметінше, тергеу изоляторында ұсталған азамат өз-өзіне қол жұмсап, көп қан жоғалту салдарынан қайтыс болған.

«1962 жылы туған ер адам бейнебақылау камераларына түсіп қалмас үшін үстін көрпемен жауып, тамырын қиып жіберген. Тергеу материалдарына сәйкес, суицид оқиғасы түнгі уақытта жасалған», - делінген хабарламада.

Мекеме қызметкерлері алғашқы медициналық көмек көрсету шараларын қолданып, жедел жәрдем шақырған.

Ведомство оқиғаның 20 сәуірде болғанын түсіндірді.

«Жедел жәрдем қызметкерлері ер адамның көп қан жоғалтудан көз жұмғанын анықтады. Аталған факті бойынша департаментте қызметтік тексеріс жүргізіліп, нәтижесінде қызметкерлер жауапкершілікке тартылды», - делінген ведомство хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары