$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
19.05.2022, 08:52
Оқиғалар

Лаңкестер тобы әскерилерге шабуыл жасады: Тәжікстанға ҰҚШҰ әскері кіргізіле ме

200 адамнан тұратын қылмыстық топтың шабуылы салдарынан 1 офицер қаза тауып, 13 әскери қызметші жараланды

Лаңкестер тобы әскерилерге шабуыл жасады: Тәжікстанға ҰҚШҰ әскері кіргізіле ме
© Sputnik

Тәжікстанда содырлар Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери қызметшілеріне шабуыл жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Тәжікстанның Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 200 адамнан тұратын қылмыстық топтың Терроризмге қарсы бөлімше қызметкерлерінің колоннасына жасалған шабуылы салдарынан бір офицер қаза тапты, тағы 13 әскери қызметші жараланды.

«Таулы Бадахшан автономиялық облысының Рушан ауданында халықаралық экстремистік және террористік ұйымдардың жетекшілігімен және қаржыландыруымен мемлекеттік қауіпсіздікті бұзу, конституциялық құрылыстың негіздеріне нұқсан келтіру, құқық қорғау органдарының қызметіне кедергі жасау мақсатында ұйымдасқан қылмыстық топтар қару-жарақ пен оқ-дәрілерді, сондай-ақ Молотов коктейльдерін қолданып, халықты қорқытып, Тәжікстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің лаңкестікке қарсы арнайы бөлімшесінің көліктер колоннасына шабуыл жасады. Шабуыл нәтижесінде бір офицер. қаза тапты, 13 әскери қызметкер ауыр жарақат алды», - деп хабарлады министрлік.

Қарулы қылмыстық топ Душанбе-Хорог тас жолы мен шекара комендатурасына баратын жолды үш нүктеден жауып тастаған.

«Азаматтардың қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында елдің құқық қорғау органдары лаңкестікке қарсы операцияны бастады. Нәтижесінде 8 содыр залалсыздандырылды, 11-і жараланды және лаңкестік топтың 70-тен астам белсенді мүшесі ұсталды. Бейбіт тұрғындар арасында зардап шеккендер болған жоқ», - деп мәлімдеді министрлік өкілдері.

Айта кетерлігі, Тәжікстан осы оқиғаеа қатысты сыртқы лаңкестер елді тұрақсыз етуге ұмтылды деп дәлелдесе, онда ҰҚШҰ-дан көмек сұрауы мүмкін. Яғни, ел аумағындағы жағдайды реттеу үшін ҰҚШҰ әскери контингенті енгізіледі. Бұл туралы «Вечерний Бишкек» басылымына Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті төрағасының бұрынғы орынбасарының қауіпсіздік жөніндегі сарапшысы Артур Медетбеков айтты.

Оның айтуынша, бұған Қазақстанда болған жағдайды мысал етіп алуға болады.   

«Соңғы бірнеше күнде Таулы Бадахшан автономиялық облысынан жаппай наразылықтар болғаны туралы хабарламалар түсті. Сондықтан Эмомали Рахмон өз режимін сақтау үшін ҰҚШҰ-ны пайдалануы мүмкін. Бейбіт тұрғындар арасында Ауғанстаннан келген экстремистер мен лаңкестерге қатысы бар есірткі топтары болуы мүмкін.Сондықтан қазір бәрі Тәжікстан билігінің қаншалықты жылдам жұмыс істейтініне байланысты. Осы тұрғыдан алғанда Тәжікстан аумағына ҰҚШҰ әскерінің енуін жоққа шығаруға болмайды», - деді Медетбеков.

Қазіргі уақытта ҰҚШҰ-ға алты мемлекет – Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан кіреді.

Серіктес жаңалықтары