Павлодарда 9-қабаттан құлап кеткен сәби қайтыс болды

Автор: Azattyq Rýhy

Бала ауруханаға жеткізілгенде комада болған

Фото: pavlodarnews.kz

Дәрігерлер бір жарым жасар қыздың өмірі үшін екі күн күресті, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері қыздың өмірін сақтап қалу үшін барын салды.

«9-қабаттан құлаған кішкентай қыз бір сағат бұрын қайтыс болды,» - делінген хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше, бала ауруханаға жеткізілгенде комада болған.  

Еске сала кетейік, жазатайым оқиға 15 мамырда болған еді. Бала 9 қабаттан дүкеннің үстіне құлап кеткен. Ауыр жарақаттармен ол ауруханаға жатқызылып, өкпені жасанды желдету және инотропты қолдау аппаратына қосылды.