Полиция бекетіне ол өзі келген
Ақтауда әскери бөлімнен қашып кеткен сарбаз полиция бекетіне өзі келген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі хабарлағандай, бүгін, яғни 17 мамырда сағат 07:15 шамасында 6656 әскери бөлімінің қатардағы жауынгері Бағлан Әділбеков Ақтау полиция бекінісіне өз бетінше келген.
«Қатардағы жауынгер Әділбеков Б.Б. ата-анасымен кездесті. Қазіргі уақытта қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Оқи отырыңыз: Атырауда әскери бөлімнен қашып кеткен сарбаз екі аптадан соң үйіне қайтуы тиіс болған
Еске салсақ, бұған дейін 18 жастағы әскер қатарына шақырылған сарбаз Бағлан Әділбеков 14 мамыр күні кешкі сағат 22:55-те 4-шағынаудандағы патрульдік бағыттан шығып, жоғалып кеткен болатын. Әскери бөлімдегілер сарбаздар арасында жанжал болуы мүмкін деген нұсқаны жоққа шығарды.