$ 515.18  570.66  6.06
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
16.05.2022, 15:17
Оқиғалар

Шымкентте тергеу абақтысының 17 қызметкері қатаң жазаға тартылды

Бұл шара изолятордан күдіктінің қашып кетуіне байланысты қолданылды

 

Шымкентте тергеу абақтысының 17 қызметкері қатаң тәртіптік жазаға тартылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл шара изолятордан күдіктінің қашып кетуіне байланысты қолданылды. Қылмыстық атқару жүйесі департаменті аталған абақтының тағы 1 қызметкері жұмысынан босатылғанын хабарлады.

Қазір тергеу изоляторында қызметтік тексеріс басталды. Қалалық полиция департаменті аталған жағдайға байланысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

Айта кетейік, 11 мамыр күні бұл изолятордан мұнай-газ құбырынан ұрлық жасады деген күдікпен қамауда отырған күдікті қашып кеткен. Әлеуметтік желіге тараған видеожазбадан қашқынның абақты ішінде емін-еркін жүріп, еш қиындықсыз далаға шығып кеткенін көруге болады.

Серіктес жаңалықтары