Павлодарда 1,5 жасар сәби тоғызыншы қабаттан құлап кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Қыз бала тоғызыншы қабаттан дүкеннің үстіне құлаған

Фото: 31tv.ru

Павлодарда бір жарым жасар қыз тоғызыншы қабаттан құлап кетті, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Қайғылы жағдай Толстой көшесі, 90 мекенжайындағы тұрғын үйде болды. Қыз тоғызыншы қабаттан дүкеннің үстіне құлаған. 

Өңірлік денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, балаға ауыр бас сүйек-ми жарақаты, травматикалық шок диагнозы қойылған.

«Зардап шегушінің жағдайы өте ауыр, ол инотропты қолдау және өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған», - деп хабарлады басқармада.

Бүлдіршін облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр.