Полицейлер ата-аналарға негізгі қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескертеді
Елорда аумағында жыл басынан бері балалардың терезеден құлап кетудің 4 оқиғасы тіркелді, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.
Нұр-Сұлтанда жыл басынан бері 4 бала абайсызда терезеден құлап кеткен. Ювеналды полиция инспекторлары балалардың көпқабатты үйлердің терезелерінен құлап кету фактілерінің алдын алу мақсатында елорда тұрғындарына профилактикалық жұмысты тұрақты түрде жүргізіп, қауіпсіздік шаралары туралы ескертіп тұрады.
Жазатайым оқиғалардың көп бөлігі ата-аналардың балалардың қауіпсіздігіне немқұрайлы қарауына байланысты болады. Бала ересектердің көз алдынан кеткенде, терезе ашық кезде жалғыз қалғанда, құлап кету қаупі өте жоғары.
Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті ата-аналарға баланы терезеден құлап кетуден қалай қорғау керектігі жөнінде кеңес береді: