Денсаулық сақтау басқармасы қызметкердің ес-түссіз жатқанын айтты
Шымкентте мемлекеттік қызметкерлер төбелесіп, бірі ес-түссіз күйде ауруханаға түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі оtyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Ер адамдар арасындағы жанжал мереке күндері болған.
Демалыс орнының алдында сөзге келген екеудің текетіресі сол жердегі видеокамераға түсіп қалып, кейін әлеуметтік желіде тарап кеткен.
«Белгілі болғандай алдымен Экономкалық тергеу департаментінің қызметкері жұдырық жұмсаған. Бірақ соңында таяқ жеп, қазір қаладағы №1 ауруханада ес-түссіз жатқанын денсаулық сақтау басқармасы растады», - делінген хабарламада.