Қазіргі таңда өрттен зардап шеккендер саны анықталып жатыр
Бортында 122 жолаушы мен экипажы бар Tibet Airlines ұшағы Чунцин қаласында ұшу-қону жолағынан шығып кетіп, отқа оранды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
Әуе компаниясы барлық жолаушы мен экипаж мүшелерінің Airbus (AIR.PA) A319 ұшағынан эвакуацияланғанын хабарлады.
«113 жолаушы мен тоғыз экипаж мүшесінің бәрі аман-есен, кейбірі жеңіл жарақат алған», - делінген әуе компаниясының хабарламасында.
Айта кетсек, 21 наурызда Қытайдың оңтүстігінде China Eastern Airlines компаниясының Boeing 737-800 ұшағы апатқа ұшыраған болатын. Бортта болған 132 адам түгел қаза тапқан. Бұл ұшақ апатының себептері әлі анықталып жатыр.