Құтқару қызметі 44 адамды үйінді астынан аман-есен шығарып алған
Түркияның шығысында болған жер сілкінісі салдарынан көз жұмған адамдар саны 31-ге жетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy РИА Новостиге сілтеме жасай отырып.
Бастапқы мәліметте 29 адамның қаза тауып, 1466 адамның зардап шеккені жарияланған болатын. Түркияның құтқару қызметі 44 адамды үйінді астынан аман-есен шығарып алған.
Еске салсақ, Еске салсақ, 24 қаңтар күні кешкі уақытта Түркияның Элязыг және Малатья провинцияларында қуаты 6,8 балдық жер сілкінісі болған еді.