Ақсу ауылдық аймағында балық аулауға шыққан ер адам жоғалып кетті
Балық аулау орнынан оның өз қолымен жасаған қайығы, күртешесі мен аулаған балықтары табылды
8 мамырда Ақсу қаласына қарасты Алғабас ауылының тұрғыны балық аулауға кетіп, үйіне ормалаған, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Бұл туралы «VITA» іздеу жасағы мәлім етті.
"8 мамыр күні шамамен түнгі сағат онда 63 жастағы Сағидолла Сембайұлы Қиясов балық аулауға кеткен. Алайда, кейін байланысқа шықпаған, үйіне оралмаған", - деді іздеушілер жасағында.
Балық аулау орнынан туысқандары оның өз қолымен жасаған қайығын, күртешесі мен аулаған балықтарын тапқан.
Туысқандары «VITA» іздеу жасағына өтініш жасаған.
Іздеушілер Сағидолла Қиясов туралы ақпарат болса WhatsApp желісіндегі 8 747 615 55 63 (Катерина) немесе 8 777 334 82 01 (Светлана) нөмірлеріне хабарлауды сұрайды.