Қостанайда автобус жүргізушісі 13 жастағы қызды әдейі қала сыртына апарып тастаған
Төлем картасы істемей қалған оқушы жолақысын төлей алмаған
Қостанай тұрғыны қалалық No19 бағыттағы автобус жүргізушісінің үстінен шағым түсірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Костанайские новости» порталына сілтеме жасап.
Қостанай қаласының тұрғыны Жанна Богатырева 13 жастағы қызын қоғамдық көлік жүргізушісінің қала сыттына тастап кеткенін айтады.
«Қалалық №19 бағыттағы жүргізушінің дөрекі әрекеті туралы айпасам болмас. Менің қызымның төлем картасы жұмыс істемей қалған. Жүргізуші қызыма айқайлағанымен қоймай, артынша кәмелетке толмаған баланы қала сыртына, соңғы аялдамаға дейін алып кетіп, сол жерде қалдырып кеткен. Қызым сол жақтан жаяу келіпті. Оның жанындағы қыз жолақысын төлеп берген екен, бірақ жүргізуші оны елемеген көрінеді. Мен сол жағдайды ести сала телефон арқылы аударым жасағым келген, бірақ ол оған да көнбей, қызымды жылыжай жаққа алып кеткен. Менің қызым небәрі 13 жаста. Егер ол бір жағдайға ұшырап қалғанда, не болар еді? Абырой болғанда, үйге аман-есен оралды», – деп күйнеді қыздың анасы.
Осы жағдайға қатысты аталған қоғамдық көлік бағынатын «ТуристТрансСервис» ЖШС тілшілерге оқиғанын болғанын растап берген.
«Тексеру жұмыстары жүргізілді, жүргізуші қатаң жазаға тартылады», – деп жауап берген парк өкілдері.