Ақтөбеде мектеп оқушысы анасын өлтірді деген күдікпен қамауға алынды

Автор: Azattyq Rýhy

Қыздың 19 жастағы досы да күдікке ілінді

Фото: ашық дереккөзден

Ақтөбеде мектеп оқушысы анасын өлтірді деген күдікпен қамауға алынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Мой город» порталының жазуынша, қыздың 19 жастағы досы да күдікті деп танылып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Ақтөбе облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі 16 жастағы оқушы қыз бен оның 19 жастағы досының уақытша ұстау изоляторына қамалғанын мәлімдеді.

«Кісі өлтіру дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - делінген ПД хабарламасында.

Оқи отырыңыз: Алматыда көлік ішінен ер адамның мәйіті табылды

Полицейлер сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етуге жатпайтынын алға тартып, басқа ақпарат берген жоқ.