Алматыда көлік ішінен ер адамның мәйіті табылды

Azattyq Rýhy

Марқұмның қасында болған азамат қамауға алынды

 

Алматыдағы Айнабұлақ ықшамауданында көлік ішінде ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Зорлық-зомбылықпен өлім белгілері әлі анықталмағаны атап өтілді.

Әлеуметтік желілерде «Айнабұлақ» ықшамауданындағы көшенің бір бөлігінің қызыл таспамен қоршалғаны туралы фото және видео пайда болды. Желі қолданушылары арасында «такси жүргізушісі пышақталған» деген ақпарат тарап үлгерді.

Алматы полиция департаменті Toyota көлігінен зорлық-зомбылықтың айқын белгілері байқалмаған ер адамның мәйіті табылғанын растады. 

Қалалық полиция департаментінің мәлім етуінше, марқұм такси жүргізушісі болмаған.

«Марқұмның қасында болған 1989 жылы туған Б. есімді азамат қазіргі уақытта қамауға алынды.  Олардың арасында жанжал болуы мүмкін деген болжам бар», - деді қалалық ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Адам өлімінің шынайы себебін сот-медициналық сараптама анықтайтын болады.

 
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.