Тез дайындалатын кеспе түрінде жеткізілген 30 мың шөлмек ішімдік анықталды

Автор: Azattyq Rýhy

Заңсыз алкоголь өнімінің жалпы құны 25 660 800 теңгені құраған

 

Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментімен Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментімен бірлесіп жүргізген іс-шаралар барысында «Айша-бибі» шекара бекетінде екі автокөлік ұсталған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Аталған автокөліктерді тексеру барысында «Parlament» және «Antivirus» маркалы алкоголь өнімінің 25 920 көлеміндегі бөтелкедегі арақ Қазақстан Республикасының аумағына заңсыз әкелу фактісі анықталды. Бұл ретте алкоголь өнімдерінің бұл партиясы «Big Bon» тез дайындалатын кеспе ретінде жасырын тасымалданды», - делінген Мемлекеттік кірістер комитетінің хабарламасында.

Алдын ала қорытынды нәтижелері бойынша ұсталған алкоголь өнімі партиясының жалпы құны 25 660 800 теңгені құраған.

Аталған дерекке қатысты Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті алкоголь өнімінің заңсыз айналымының жолын кесу бойынша қылмыстық іс қозғалды.