28 жастағы жолаушы ауруханада жатыр
Павлодар облысында екі көлік соқтығысып, жолаушы зардап шекті. Автокөліктер арнайы айып тұрағына қойылды, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 3 мамыр күні сағат 17:40-та Железин ауылында Бабин - Асанов көшелерінің қиылысында «ВАЗ 2114» маркалы автокөлігінің 27 жастағы жүргізушісі жол бермей, «Škoda Octavia» автокөлігімен соқтығысқан.
"ЖКО салдарынан «Škoda Octavia» автокөлігінің 28 жастағы жолаушысы жарақат алып, ауруханаға жеткізілді", - дейді департаментте.
Аталмыш фактіге қатысты тексеріс жүргізіліп жатыр.