Тергеу мүддесіне сәйкес өзге ақпараттың жария етілмейді
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Шымкент полиция департаменті баспасөз хатшысының өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша тергеу жүріп жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Мөлдір Бекееваның өзін-өзі өлтіруге оқталу фактісі бойынша (ҚК 105-бабы 1-бөлігі) сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр», - деді ведомство өкілдері.
Антикор өкілдері тергеу мүддесіне сәйкес өзге ақпараттың жария етілмейтінін мәлімдеді.
Оқи отырыңыз: «Өте көп дәрі ішкен»: Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз хатшысының жағдайы белгілі болды
Еске салсақ, 6 сәуір күні Шымкент қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Мөлдір Бекееваның өзіне-өзі қол жұмсауы салдарынан ауруханаға түскені хабарланған болатын. Ол бұған дейін басшылықтың қысымынан бола жұмыстан кететінін, жұмыстан ғана емес, өмірмен де қош айтқысы келетінін жазып, хат қалдырған екен.