Қостанайда тағы бір ірі қаржы пирамидасы анықталды

Автор: Azattyq Rýhy

Сот күдіктілерге қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын қолданды

 

Фото: aikyn.kz

Қостанайда Antares Limited атты қаржы пирамидасы анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Ұйымдастырушылар азаматтарға компанияға 100 АҚШ долларынан бастап қолма-қол ақша салған кезде инвестицияның 0,5-2% көлемінде күнделікті кепілдендірілген пайда түсіп отырады деп уәде берген. Қазіргі уақытта сотталушыларға қатысты тергеу шаралары жүргізілуде», - делінген Қаржы мониторингі агенттігінің хабарламасында.

Сот күдіктілерге қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады.

«Қаржы мониторингі агенттігі азаматтарды аса сақ болуға және қаржы пирамидаларына тартатын алаяқтардың айла-амалына түспеуге шақырады. Қаржы пирамидаларының негізгі мақсаты еш қиналмастан өз капиталын тез ұлғайту үшін сенгіш азаматтардың есебінен ақша табу екенін білу маңызды», - деп ескертеді агенттік өкілдері.