БҚО-да мектеп оқушысы асылып қалды

Автор: Azattyq Rýhy

Ол жетінші сыныпта оқыған

Фото: ашық дереккөзден

Бөкей ордасы ауданында мектеп оқушысының өзін-өзі өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Батыс Қазақстан облысының полиция департаментіне сілтеме жасап.

БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 20 қаңтар күні болған. 

«20 қаңтар күні Саралжын ауылында адам тұрмайтын үйдің ауласындағы сарайда 2006 жылғы бала асылып қалған. Дерек өзіне-өзі қол жұмсау ретінде тіркелді. Бөкей ордасы аудандық полиция бөлімі оқиғаның себебі мен мән-жайын тексеруде», - дейді баспасөз қызметіндегілер.

Жасөспірім 23 қаңтарда жерленді.