$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
24.01.2020, 00:56
Оқиғалар

Көкшетау тұрғыны такси жүргізушісін пышақтап өлтірді

Полиция 35 жастағы күдіктіні қамауға алды

Көкшетау тұрғыны такси жүргізушісін пышақтап өлтірді
Фото: ашық дереккөзден

Көкшетаудағы облыстық ауруханаға пышақ жарақатын алған 45 жастағы азамат жеткізілді. Такси жүргізушісі ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Ақмола облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«22 қаңтар күні қалалық полиция басқармасына облыстық аурухана фельдшері хабарласып, пышақ жарақатын алған азаматтың түскенін хабарлады. Оның такси жүргізушісі екені анықталды», - деді Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметіндегілер. 

Полиция бейнебақылау камераларының көмегімен күдіктіні қамауға алды. Қаза тапқан адамның әріптестері 35 жастағы Көкшетау тұрғыны такси жүргізушісін жол білмегендіктен өлтірді деп болжам жасады.

«Қазіргі таңда ҚР ҚК 99-бабы 1 бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті кінәсін мойындады», - дейді баспасөз қызметіндегілер.

Серіктес жаңалықтары