Қытай консулдығы: Алматыда «айдаһар» ұстаған студенттер мәдени шараға қатыспақ болған

Автор: Azattyq Rýhy

Оларға шабуыл жасағандардың кім екенін полиция анықтап жатыр

Көрнекі фото

Алматыда қытайлық студенттер көшеде қуыршақ айдаһар алып жүреміз деп, бастары дауда қалды. Олардың жолын бөгеген бірнеше адам айдаһардың «көзін құртуды» бұйырып, тіпті күш қолдануға дейін барған. Бұл сәт түсірілген видеоролик әлеуметтік желілерде тарап кетті.

Видеокадрлардан бірнеше адамның Қытай жастарын балғаттап, айдаһарды жинауды бұйырғанын аңғару қиын емес. Тіпті, жас жігіттердің бірі қуыршақтың басын жұлып, жерге тастамақ болған.

Аталған жайтқа қатысты Алматыдағы ҚХР консулдығының өкілі пікір білдірді.

«Мұндай оқиғаның болғаны өкінішті. Алматы – көпұлтты қала. Адамдар өзге ұлттық мәдениетін құрметтеуі тиіс деп есептеймін. Десе де, алматылықтардың көпшілігі мейірімді, ақкөңіл деп есептейміз. Айдаһарды ұстаған біздің студенттер сол күні мәдени шараға қатысу үшін шыққан. Олар онда айдаһармен бірге қойылым қоймақ болған», - дейді Алматыдағы ҚХР бас консулының баспасөз жетекшісі Линг Лонг.

Полицейлер болса аталған оқиғаның Жамбыл мен масанчи көшелерінің қиылысында болғанын айтты. Қазір олар тексеру жүргізіп жатыр.

Әмірболат Құсайынұлы, Алматы