Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан әйел мен екі баласы көз жұмды

Автор: Azattyq Rýhy

Жол апатына кінәлі жүргізуші қамауға алынды

Көрнекі сурет

Алматы облысына қарасты Қарабұлақ ауылында Audi-80 көлігінің 19 жастағы жүргізушісі екі бала ерткен әйелді қағып өлтірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыстық полиция департаментіің мәліметінше, қайғылы оқиға 23 сәуір күні сағат 22:05 шамасында болған.

«Алдабергенов көшесімен келе жатқан 19 жастағы Ауди-80 жүргізушісі екі кішкентай баласы бар 36 жастағы әйелді қағып өлтірді», - делінген ПД хабарламасында.

Қажетті сараптамалар тағайындалып, жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі «Көлiк құралын басқаратын адамдардың абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол жүру немесе көлiк құралын пайдалану ережелерiн бұзуы» бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ана мен балалардың өліміне себепші болған жүргізуші ұсталып, қамауға алынды. Оның көлігі тәркіленіп, арнайы тұраққа жеткізілді.