Қарағандыда дәрігерді соққыға жығу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды

Автор: Azattyq Rýhy

Медицина қызметкері өзіне қол жұмсаған адамды кешірмейтінін айтты

Фото: ашық дереккөзден

Қарағандыда облыстық травматология және ортопедия орталығында науқас пен дәрігер арасында жанжал шығып, науқас дәрігердің бетінен жұдырықпен ұрған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Травматолог дәрігер өзіне шабуыл жасап, дене жарақатын салған адамның үстінен полицияға арыз жазды.

Қарағанды ​​облыстық полиция департаменті аталған оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

«Аталған факт тіркеуге алынды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қазіргі кезде тергеу жүргізіліп жатыр», - деді ПД өкілдері.

Дәрігердің соққыға жығылған сәті түсіп қалған видеода ер адамның дәрігерді ұрып қана қоймай, балағат сөздер айтқанын көруге болады.