Алматыда пышақпен қаруланған қалта ұрысы қолға түсті
Қаскөй тек қоғамдық көліктерде ғана жүрген
Алматыда пышақпен қаруланған қалта ұрысын қолға түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қаскөй тек қоғамдық көліктерде ғана жүрген.
«Алматы облысы Қарасай ауданының тұрғыны, 35 жастағы Б. есімді азамат қолға түсті. Ер адам бұрын бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін сотты болған. Бұл жолы ол 206-бағытындағы қоғамдық көлік жолаушысының ұялы телефонын ұрлап кеткен. Әйел бұл туралы полицияға хабарламағанымен, қылмыс туралы белгі берген қоғам қайраткерінің жазбасынан білдік. Жедел және арнайы шаралар кешені жүргізілді. Күдікті ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Алмалы аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімінде сотқа дейінгі тергеу басталды», - деді Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Қуатбек Науатов.
Сонымен қатар, полиция қызметкерлері, шетте қалмай, белсенді азаматтық позициясын танытқан жанашыр азаматтарға алғыс білдірді.
«Қазір біз қауіп-қатерге қарамастан қылмыскерді ұстап қалуға тырысқан жас жігіттің жеке басын анықтап жатырмыз», – деді Қуатбек Науатов.