$ 518.34  591.06  6.27
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
15.04.2022, 10:04
Оқиғалар

Петропавлда айыптұрақта тұрған бірнеше көлік өртенді

Өртті өшіруге облыстық ТЖД күштері мен құралдары жұмылдырылды

 
Петропавлда айыптұрақта тұрған бірнеше көлік өртенді
Фото: СҚО ТЖД баспасөз қызметі

Петропавлда қамыстан шыққан өрт айыптұраққа таралып, бірнеше көлікті зақымдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 14 сәуір күні сағат 16:30-да 101 телефонына Петропавл қаласындағы Северная көшесі, 1В мекенжайы аумағында қамыс өртеніп жатқаны туралы хабарлама түскен.

«Дереу жеткен өрт сөндіру бригадалары 3 гектардан астам аумақтағы өртті сөндіруге кірісті. Желдің екпіні 10 м/с болғандықтан, оның үстіне, кіретін жолдың болмауы салдарынан өрт Петропавл қаласы әкімдігіне қарасты «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің айыптұрағына қарай өтіп кетті», - делінген ТЖД хабарламасында.

Өрт салдарынан 5 автокөлік зақымдалды. Тұрақтағы өрт сөндірілді, қазіргі уақытта қамыстағы өрт сөндіріліп жатыр. Өртті өшіруге облыстық ТЖД күштері мен құралдары (35 қызметкер мен 6 бірлік техника), жергілікті атқарушы органдар (8 қызметкер және 2 бірлік техника) жұмылдырылды.

 
Серіктес жаңалықтары