$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
14.04.2022, 12:41
Оқиғалар

Анасы бауырларын кінәлайды: Есік қаласында 4 жасар қыз зорлық көрді

Болжам бойынша, әйел дүкенге шығып кеткен кезде сәбиді анасының бауырлары зорлаған

Анасы бауырларын кінәлайды: Есік қаласында 4 жасар қыз зорлық көрді
Фото ua.depositphotos.com

Қазақстанда балаларды қорлаудың тағы бір қайғылы оқиғасы орын алды. Бұл жолы Алматы облысының Есік қаласында 4 жасар қыз бала зорлық көрді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Экспресс К» басылымының жазуынша, бүлдіршіннің анасы бұл қылмысқа өз бауырларын айыптап отыр.

«Есік қаласының орталық аудандық ауруханасына 4 жасар қыз түсті. Болжам бойынша, әйел дүкенге шығып кеткен кезде сәбиді анасының бауырлары зорлаған. Анасы жергілікті полиция бөліміне арызданды», - делінген ақпаратта.

Қыз бала ауруханаға түскен сәтте бірден ота жасалған. Ол ауруханаға сәрсенбі күні, яғни 13 сәуірде түскен.

«Қазір баланың анасымен жедел қызметкер жұмыс істеп жатыр», - дейді дереккөз.

Аталған дерекке қатысты Алматы облыстық полиция департаменті пікір білдірді. ПД өкілдері 13 сәуірде Еңбекшіқазақ ауданында кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікпен Қызылорда облысының 43 жастағы тұрғынының ұсталғанын растады.

«1978 жылы туған күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Болжам бойынша, ол соңғы бірнеше күнде жәбірленушінің отбасында болып, қылмыс жасаған кезде мас болған. Қазір аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 4-бабы 120-бөлігі бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бала дәрігерлердің бақылауында», - делінген ПД хабарламасында.

Айта кетсек, облыста жыл басынан бері 3 пен 17 жас аралығындағы кәмелетке толмағандарды зорлаудың 10 фактісі тіркелді.

 
Серіктес жаңалықтары