Бүгінгі таңда ұсталғандарға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр
10 сәуірде Көкшетау қаласында ҰҚК полицияның жеке қауіпсіздік бөлімшесімен бірлесіп, Ақмола облысы ПД басқарма бастығы мен аға жедел уәкілін ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлағанда, аталған адамдар лауазымдық өкілеттіктерді теріс және асыра пайдаланды деген күдікке ілінген.
«Процессуалдық іс-шаралар барысында тергеліп жатқан іске қатысы бар ақшалай қаражат алынды. Ұсталғандарға «қамауда ұстау» бұлтартпау шарасы таңдалды», - делінген хабарламада.
ҚР Қылмыстық кодексінің 361-бабы 2-1-бөлігі және 362-бабы 4-бөлігінің 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.