Қырғыз тауынан табылған сарбаздың денесі үйіне жеткізілді

Автор: Azattyq Rýhy

Ұлықбек Бердішов Қызылорда облысының Қазалы ауданында туған

Фото: 24.kz

19 жастағы сарбаз Ұлықбек Бердішовтың мәйіті туған жеріне жеткізілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол Қызылорда облысының Қазалы ауданында туған.

Оқи отырыңыз: Қазақ әскерінің мәйіті Қырғызстандағы таудан асылған күйі табылды

Айта кетейік, қатардағы жауынгер Жамбыл облысы Меркі ауданындағы «Андас батыр» шекара бөлімшесінде әскери борышын өтеп жүрген. Ұлықбек Бердішов 2 наурыз күні жоғалып кетіп, 39 күннен кейін Қырғызстанның тауларынан жартастың ұшар басында асылып тұрған күйі табылған.