Шығыс Қазақстанда өткен тәулікте 26 өрт болды

Автор: Azattyq Rýhy

Олардың басым бөлігі ашық далада болған 

Шығыс Қазақстанда өткен тәулікте 26 өрт болды. Қоқыс пен шөп өртенді, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Өрт жағдайының басым бөлігі ашық далада болды. 

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ең ірі дала өрті Көкпекті ауданында, Құлынжон және Белін ауылдық округтерінің арасында орын алды. Бұл жерде 5 Га аумақтағы құрғақ дала шөбі өртенді. Тілсіз жаумен күреске жеке құрамнан 7 адам және 2 бірліктегі техника, жергілікті атқарушы органдардан 2 бірліктегі техника және 8 орманшы, 51-ӨСП жеке құрамынан 3 адам және 1 бірліктегі техника жұмылдырылды.