$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
11.04.2022, 11:03
Оқиғалар

Павлодарда сыра ішіп отырып көлік жүргізген жүргізуші жауапкершілікке тартылды

Жыл басынан бері өңірде 300-ден астам мас жүргізуші ұсталды

Павлодарда сыра ішіп отырып көлік жүргізген жүргізуші жауапкершілікке тартылды
Фото: drivenn.ru

Павлодарда сыра ішіп отырып көлік жүргізген жүргізуші жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Тәртіп сақшылары сағат 00.22-де Сәтбаев көшесі бойындағы жанармай құю бекетінде көлігіне жанармай құйып алған жүргізушілердің бірі рөлге әзер отырғанын байқаған. 

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, автопатруль көп ұзамай тәртіп бұзушыны тоқтатқан. Полицейлер жүргізушімен  сөйлескенде оның мас екеніне көз жеткізген. 

"Олар көліктің салонында бірнеше сыраны байқаған, оның бірі ашық тұрған. Жүргізуші екіншісін кейінірек ішуді жоспарлаған. Сондықтан ер адамды медициналық тексеруге жеткізуді ұйғарды. Сараптамаға сәйкес, 28 жастағы көлік жүргізушісі орташа ауыр деңгейдегі мас күйінде болған, - дейді департаментте. 

Сот қаулысымен ол ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігіне сәйкес он бес тәулікке әкімшілік қамауға алынып, жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылған. Көлік айып тұрағына қойылды.

Айта кетейік, 2022 жылы облыста 310 мас жүргізуші ұсталды. 

Серіктес жаңалықтары