Бүгінгі күні аймақ мекемелерінде 1400-ден астам сотталған адам жазасын өтеп жатыр
Солтүстік Қазақстанда аса ауыр қылмыс жасап, 25 жылға бас бостандығынан айрылған сотталушының мерзіміне тағы 5 жыл қосылды. Екінші рет оған түзету мекемесінің қызметкерлеріне жала жапты деген айып тағылған болатын, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі СҚО ҚАЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жазасын өтеуші аса ауыр қылмыстар («Кісі өлтіру», «Қарақшылық», «Ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оны басқару», «Қорқытып біреудің мүлкін алу») жасағаны үшінүшін 25 жылға бас бостандығынан айырылған болатын және оның 7 жылын өтеген.
Түзету мекемегесіне келген сәттен бастап сотталушы әр түрлі құқық қорғау органдарына мекеме қызметкерлері және басшылығы оған дене жарақатын салады, адамның қадір-қасиетін түсіретін басқа да әрекеттер жасайды және одан ақша талап етуде деп белсенді түрде өтініш жаза бастады.
Аталған фактілер бойынша сотталушы СҚО прокуратурасына, СҚО ПД өзіндік қауіпсіздік басқармасына, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаментіне әр түрлі өтініштер жазған. Мекеме қызметкерлеріне қылмыстық іс қозғалды, бірақ ол қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтатылды.
Сотталғанның мәлімдемесінде жазылған фактілер расталған жоқ. Өйткені бейнебақылау камералары мен қызметкерлердің бейне-жетондарынан алынған жазбаларда ондай әрекет тіркелмеген. Сонымен қатар, бейнекамералардан алынған жазбалардан жәбірленушінің өзіне дене жарақатын салғаны көрініп тұрды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотталған "М" қатысты ҚР ҚК-нің 419-бабының 3-бөлігінде («Адамды сыбайлас жемқорлық, ауыр, аса ауыр қылмыс жасады деп айыптаумен0 көрінеу жалған сөз жеткізу») көзделген қылмыс белгілері бойынша қылмыстық іс қозғады, ол бойынша Петропавл қалалық соты үкім шығарды. Жазасын өтеуші 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындады. ҚР ҚК-нің 60-бабының 1,4-б. негізінде үкімдердің жиынтығы бойынша "М" жазасының өтелмеген бөлігін ішінара қосу арқылы қылмыстық-атқару жүйесінің төтенше қауіпсіз мекемесінде жазасын өтеумен 23 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза айқындалды.
Бүгінгі күні Солтүстік Қазақстан облысының мекемелерінде 1400-ден астам сотталған адам жазасын өтеп жатыр.
Эльмира Мәмбетқызы