$ 516.01  582.47  6.26
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
08.04.2022, 12:25
Оқиғалар

Түркістанда әйелімен жанжалдасып қалған тұрғын өз үйін өртеп жіберді

Аталған жайт Қылмыстық кодекстің 202-бабы 2-бөлімі бойынша тіркеуге алынды

Түркістанда әйелімен жанжалдасып қалған тұрғын өз үйін өртеп жіберді
Фото: polisia.kz

Түркістан облысында әйелімен жанжалдасып қалған ер адам өз үйін өртеп жіберді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Бәйдібек АПБ-ға жергілікті тұрғын хабарласып, өзінің төрт бөлмелі үйін күйеуінің қасақана өртегенін жеткізді. Үй ішінде тұрмыстық заттар, алтын бұйымдар болған. Оқиға салдарынан жәбірленуші үш млн теңге шығынға батты», - деп жазады polisia.kz.

Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚК-нің 202-бабы 2-бөлімі (Бағалы қағаздар эмитентi лауазымды адамының ақпарат бермеуi не көрiнеу жалған мәлiметтер беруi) бойынша СДТБТ-ға тіркеді.

Ақпарат алысымен бәйдібектік тәжірибелі полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын ұйымдастырды. Тез арада іске кірісіп, оқиғаның қалай болғанын анықтады.

«Белгілі болғандай, ерлі-зайыптылардың арасында келіспеушілік туындаған. Содан түсініспеушіліктің арты дауға ұласып, ашуға бой алдырған азамат мас халде үйге өрт қойған. Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, оған қатысты тергеу амалдары жүргізілуде», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары