08.04.2022, 10:23
Оқиғалар
Павлодар облысында Полиция департаменті бастығының орынбасары ұсталды
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды
Фото: ашық дереккөзден
Павлодар облысының полиция департаменті бастығының орынбасары бюджет қаржысын жымқырды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ІІМ-мен бірлесіп, өзара ынтымақтастық туралы қол қойылған меморандум аясында Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының орынбасарын бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен ұстады. Ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді» делінген ІІМ хабарламасында.
Қазіргі уақытта біріккен тергеу-жедел тобы құрылып, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Тергеу мүддесіне орай өзге мәліметтер жарияланбайды.
Көп оқылған
20.11.2026, 11:28
«Арасында доллар да бар»: Атырауда ойнап жүрген бір топ бала көшеден өте көп ақша тауып алған
20.11.2026, 13:08
Телефонын тартып алып, үш жыл бойы қорлаған: келінін өлімге жеткізген ене бес жылға сотталды
20.11.2026, 15:41
Бес айлық сәбиді өлтірген қылмыскер әлі табылмады: полиция расымен видеоны өшіруді талап еткен бе
20.11.2026, 16:46
Астанадағы атышулы самса цехы жабылды: журналистерге шабуыл жасаған әйелдің былығы әшкере болды
