$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
05.04.2022, 14:49
Оқиғалар

Қаңтар оқиғасына белсене қатысқан тағы 11 адам ұсталды

Ұсталғандардың жеке тұлғасы оқиға орнынан түсірілген бейнежазбалар арқылы анықталды

 

Талдықорғандық тәртіп сақшылары қаңтардағы қақтығыстарды ұйымдастырып, оған белсенді қатысты деген күдікпен 11 бүлікшіні ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.

Олардың ең жасы 20-да, үлкені 39 жаста. Ұсталғандардың қаңтар оқиғасына нақты қатысы бар екені сол жерден түсірілген бейнежазбалар арқылы анықталды.

«Қолға түскендерге полиция басқармасы мен облыстық әкімдік ғимаратын басып алып, әскерилер мен полицияға қарсы күш қолданды деген айып тағылды. Тінту барысында күдіктілерден екі тегіс ұңғылы аңшы мылтығы мен оқ-дәрі, полицияның оқ өткізбейтін сауыттары мен арнайы құрылғылар тәркіленді», - делінген хабарламада.

Бұл айғақтар қалалық және облыстық полиция ғимаратын басып алу кезінде қолды болған заттар тізіміне енгізілген. Жиналған материалдардың барлығы арнайы прокуратураға жолдады деді Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары