$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
05.04.2022, 08:48
Оқиғалар

Қарағанды облысында ит қауып алған бүлдіршіннің жағдайы ауыр

Төбет талаған тағы бір бала ауыр жарақаттан көз жұмды

Қарағанды облысында ит қауып алған 5 жасар баланың жағдайы ауыр. Бүлдіршін Ақтоғай ауылынан санавиациямен Қарағанды қаласындағы көпсалалы ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлердің айтуынша, төбет баланың басын талап тастаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

«Бала Ақтоғай ауылынан санавиация арқылы шұғыл жеткізілді. Басында ашық жарақаттар өте көп. Сонымен бірге көзіне зақым келген. Ашық хирургиялық таңу жасадық. Қазір балалар жарақаты бөлімінде ем алып жатыр», - деді Қарағанды облыстық травматология қызметі ахуалдық орталығының меңгерушісі Ерік Шонбаев.

Еске салайық, Қарағанды облысының Ақтоғай ауылында екі баланы талап тастаған болатын. Үй иелері итті байламай бос жіберген көрінеді. Балалар аулада ойнап жүргенде төбет оларға тап берген. 3 жасар бүлдіршін ауыр жарақаттан көз жұмды.  

Оқи отырыңыз: Қарағанды облысында екі баланы ит талап, біреуі қайтыс болды

«Аулада ойнап жүргенде сол үйдің иті шабуыл жасап, дене жарақаттарын жасағаны анықталды. Алған дене жарақаты салдарынан 3 жастағы бала ауруханада қайтыс болды. Қазіргі таңда бұл факт Ақтоғай аудандық полиция бөлімінде тіркелді. Тергеу амалдары жүргізілуде», - деді Қарағанды облыстық ПД ресми өкілі Бақытжан Құдияров.
 

Серіктес жаңалықтары