Марқұмның Орал қаласының тұрғыны екені анықталды
Оңтүстік Кореяда 29 жастағы қазақстандық бойжеткен өлі күйінде табылды, деп хабарлайды Today.kz ҚР СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Нұрбек Алмашовқа сілтеме жасап.
«Қалалық полициядан алынған ақпаратқа сәйкес, қыз ваннада асулы күйінде табылған. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оңтүстік Кореядағы Қазақстан Республикасының елшілігінің консулдық бөлімі марқұмның туыстарына барлық консулдық және құқықтық көмек көрсетуге дайын», - деді Алмашов.
Қолда бар ақпаратқа сәйкес, марқұм Орал қаласының тұрғыны екені анықталды.