Ер адам арнайы жоспары барысында Алатау ауданы аумағындаұсталды
Алматыда аңшы мылтығымен адам өлтірген күдікті қолға түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аса ауыр қылмыс бүгін таңертең қаланың Бостандық ауданында болған. «102» пультіне сағат 08:59-да түскен хабарламада 1975 жылы туған Ш.есімді азаматтың кісі қолынан көз жұмғаны хабарланған.
«Бұл қылмыстың беті «ізін суымай» жатып ашылды. Күдікті қалада енгізілген «Ұстау» арнайы жоспары барысында Алатау ауданы аумағында қолға түсті. Одан қылмыстық қару тәркіленіп алынды. Қазіргі уақытта оның бұл ауыр қылмысқа не себепті барғаны анықталып жатыр», – деді Алматы қалалық Полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов.