04.04.2022, 14:12
Оқиғалар
Ақтөбе облысында қоқыс полигонына қаңғыбас иттердің өлігін үйіп кеткен
Облыстық әкімдік өкілдері осы оқиғаға қатысты түсінік берді
Фото: diapazon.kz
Ақтөбе облысына қарасты Бадамша ауылының тұрғындары ит өліктерінің ашық даладағы қоқыс алаңына тасталғанына наразылық білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі diapazon.kz басылымына сілтеме жасап.
Жергілікті ветеринария басқармасының мәліметінше, Бадамша ауылындағы қаңғыбас иттерді Қарғалы аудандық ветеринариялық станциясының қызметкерлері аулаған.
«Қарлы боран салдарынан мал қорымына баратын жол жабылып қалды. Сондықтан жануарлардың өлігін уақытша қоқыс полигонына тастауға тура келді. Келесі күні, жол тазартылған соң мал қорымына жеткізілді, барлығы ветеринарлық-санитарлық нормаларға сай жасалды», - деп хабарлады Ақтөбе облысы әкімдігінің ахуалдық орталығы өкілдері.
Көп оқылған
01.11.2026, 06:38
Вакцинасы жоқ қауіпті вирус: Конгода әлемді алаңдатқан індеттен 5 мыңнан астам адам қайтыс болды
01.11.2026, 07:19
Қазақстанда 1 қарашаға дауылды ескерту жарияланды: үсік, қар және қатты жел күтіледі
01.11.2026, 11:05
Көлігіне бейәдеп сөз жазған Астана тұрғыны 10 тәулікке қамауға алынды
01.11.2026, 08:29
Астанада мектептегі жиналыстан кейін мұғалім ауруханаға түсті
01.11.2026, 10:02
Мемлекет басшысы Алжир президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды