$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
04.04.2022, 10:18
Оқиғалар

БҚО-дағы су тасқыны: Шалғын ауылында оннан астам үй жарамсыз жағдайда

Өңірдегі екі ауданда төтенше жағдай жарияланды

БҚО-дағы су тасқыны: Шалғын ауылында оннан астам үй жарамсыз жағдайда

Көктемгі қар суының күрт еруіне байланысты Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе және Шыңғырлау аудандарында төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды sarapshy.info ақпарат агенттігі.

Бүгін Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғ.Есқалиев оқиғаның себеп-салдарын анықтау, жағдайды бақылау және тұрғындарға алғашқы көмек ұйымдастыру мақсатында Қаратөбе ауданының Шалғын ауылында және Шыңғырлау ауданындағы тасқын қаупі туған орындарда болды.

Облыс әкімі Шалғын ауылының тұрғындарымен кездесті. Су кірген 25 тұрғын үйдің иелері мәдениет үйіне көшірілсе, өзге де ауыл тұрғындарының қауіпсіздігі күшейтілді. «Қазіргі таңда Шалғын ауылы қатаң бақылауға алынды» дейді облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Бірнеше күн бұрын Шалқын ауылындағы мектептің жартысы суға кеткен еді. Облыстық білім басқармасының баспасөз қызметінің мәтіметінше, жаңа ғимарат салу 2025 жылға дейін 1000 мектеп салуды жоспарлаған Жол картасы аясында 2023 жылға жоспарланып отыр.

Оқиға орнында жұмыс жасап жатқан комиссия әлі ешқандай ресми хабарлама таратпады. Ал ауыл тұрғындары 12 үй жарамсыз жағдайда екенін айтты. Сондай-ақ кейбір тұрғындарды округ орталығы Қоскөл ауылының балабақшасына көшіріп жатырғандарын да жеткізді.

Серіктес жаңалықтары