$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
04.04.2022, 09:34
Оқиғалар

ШҚО-да жүк пойызының вагондары рельстен шығып кетті

Болған жағдайдың себеп-салдарын тексеріп-анықтау үшін комиссия құрылды

ШҚО-да жүк пойызының вагондары рельстен шығып кетті
Фото: ашық дереккөзден

Шығыс Қазақстан облысында жүк тиелген 18 вагон рельстен шығып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy "Қазақстан темір жолы "ҰК"АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"2022 жылғы 3 сәуір 12 сағат 04 минутта Шығыс Қазақстан облысының Өскемен – Қүмістау теміржол учаскесінде жүк пойызының  18 вагоны рельстен шығып кетті. Пойыз сағатына 37 км жылдамдықпен жүрген. Руда тиелген екі вагон Ресей Федерациясының меншігі. Шлак тиелген тағы 16 вагон "КазцинкТемірТранс" ЖШС-не тиесілі. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. 

Жолаушы және жүк пойыздарының кідірісі болған жоқ. Қазіргі уақытта қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Болған жағдайдың себеп-салдарын тексеріп-анықтау үшін "ҚТЖ "ҰК"АҚ басшыларынан комиссия құрылды", – делінген хабарламада.  

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#пойыз #ШҚО #вагон