13 млрд теңге жымқырған: «ӨКМ Операторы» ЖШС-нің экс-басшысы ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды

Фото: ашық дереккөзден

13 млрд теңгеден астам қаржыны жымқырды деген күдікпен «ӨКМ Операторы» ЖШС-ның бұрынғы басқарушы директоры ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Ол «Жасыл Даму» АҚ («ӨКМ Операторы» ЖШС құқықтық мирасқоры) тұлғасында мемлекетке аса ірі мөлшерде залал келтіре отырып, істен шыққан көлік құралдарын кәдеге жаратудың жоғары құнын белгілеу арқылы «RecyclingCompany» ЖШС-не заңсыз түрде қайта тіркеп, 13 млрд теңгеден астам сомада сеніп тапсырылған ақша қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді», - делінген ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз хабарламасында.

Қылмыстық әрекеттер 2016-2019 жылдар аралығында «ӨКМ Операторы» ЖШС басқа қызметкерлерімен бірлесіп жасалды.

Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды. Оның іс-әрекеттеріне қорытынды құқықтық бағалауды сот береді.ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз қызметі

ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.