Ақтөбеде тасқын суға батып кеткен қызды куәгерлер құтқарып қалды (ВИДЕО)

Автор: Azattyq Rýhy

Қыздың қазіргі жағдайы белгісіз

Көктемгі тасқын ақтөбеліктерді биыл да әуреге салды. Қызыл су қаладағы шағынаудандардың көбін шайып кеткен деп хабарлайды «Диапазон» басылымы.

31 наурызда Батыс-2 шағынауданында кішкентай қыз тасқын суға батып кете жаздады. «Арбат» тұрғын үй кешенінің маңында кетіп бара жатқан қыз арыққа түсіп кеткен.

«Қыз суға баспен құлаған және ағыс оны ағызып алып кетті. Сол маңдағы фитнес клубта болған жігіттер дереу көмекке келіп, оны судан әзер алып шықты», - делінген басылым таратқан хабарламада.

Әзірге құзырлы органдар аталған жайт бойынша ақпарат таратқан жоқ. Қыздың қазіргі жағдайы да белгісіз.