$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
01.04.2022, 10:06
Оқиғалар

Қазақстан аумағында 2017 жылдан бері заңсыз жүрген шетел азаматы ұсталды

Шекарашылар оны жалған құжаттармен ұстады

Қазақстан аумағында 2017 жылдан бері заңсыз жүрген шетел азаматы ұсталды

2022 жылғы 28 наурызда шекарашылар Алматы қ. халықаралық әуежайында Алматы – Тбилиси рейсінде паспорттық бақылауда шетелдік азаматты жалған құжаттармен ұстады. Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Сұрау барысында бұл адамның 2017 жылдан бастап Қазақстан аумағында заңсыз болғаны анықталды. Жазадан құтылу үшін анықтамалық деректері өзгертілген жалған құжат сатып алған.

Шетелдіктің әрекетінде ҚР ҚК 385-ші (Жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлерді, бланкілерді, пошта төлемінің мемлекеттік белгілерін, мемлекеттік наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткізу) және 430-шы (Сот үкімін немесе сот актісін не атқарушылық құжатты орындамау) баптарын бұзушылықтар байқалады.

Материалдар полиция органдарына берілді.

Серіктес жаңалықтары